Amnesty International ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы: Шолу» қазақ тіліне аударылып, кітапша боп шықты.

Декларацияны Қазақстан жастар ақпараттық қызметі аударған. Жұмыстың редакторлары Айжан Ошақбаева мен Назгүл Қожабек.

Еске сала кетейік, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдады. БҰҰ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дереу, осы соғыстың қасіреті қайталанбасын деп құрылған. Әлем қауіпсіз болып, гүлденіп, жер бетіндегі бейбітшілікке қарай біршама алға жылжуы керек болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің бәрі – жер шарындағы барлық дерлік ел – адам құқықтарын құрметтеуге уәде берді.

Қазақша декларацияны мына жерден жүктеп ала аласыз. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз