Джоан Роулиң он жыл бұрын жазған ертегісін жариялады
Джоан Роулиң оннан астам жыл бұрын жазған The Ickabog ертегі повесін алғаш рет жариялайтын болды. Бұл туралы НОЖ онлайн-журналы хабарлады.
Жазушы туиттерінде бұл ертегінің Хәрри Поттер әлеміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал ең кішкентай оқырмандарының арасында ол жаңа ертегіге иллюстрация салу байқауын жариялады. Үздік суреттерді баспагерлер кітапқа енгізеді.
Повестің алғаш екі бөлімін арнайы сайттан оқуға болады. Апта сайын бұл сайтта ертегінің келесі бөлімдері жарияланып тұрады. Кітаптың баспадан шығарылатын нұсқасы қарашада жарық көреді. Кітаптан түскен барлық қаражат коронавируспен күреске жұмсалады.
Роулиңнің екі кіші баласы ғана бұрын бұл ертегімен таныс болған.
Раньше с этой сказкой были знакомы только двое младших детей Роулинг.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться